Posted in

МАҢДАЙЫ АШЫҚ

Біреуге құмалақ салғанда, бал ашқанда “Жолы болады” д.м . ~ Едіге күбір-күбір сөйлеп, Әбутәліп деген адам тірі ме, тірі болса қайда жүр, елге қарай жолы қашан түседі, маңдайы ашық па, жүрегі күпті ме, жоқ па, жасырмай-жаппай шыныңды айт деп құмалақ тастарды шашып кеп жібергенде, балалар көз алмастан әлгі тастардың қалай түскеніне зарыға қарап, қатып қалады. Ш.Айт. ~ Мына қарашы, құмалақтың жатысы қандай жақсы. Оң жағы да, сол жағы да тұйық, маңдайы ашық, босағасы берік, – деп құмалағын уыстап алып қайта шашады. С.Жүн. ~ Екі күннің бірінде апам құмалақ салып: «Қалқамның маңдайы ашық, жұлдызы жарқырап тұр, құйысқаны берік, мына бір құмалақ кішкене көретін қиыншылығы ғой, соғыс деген оңай ма, құдай бұйырса, әлі-ақ әкесі мен апасын қуантып жетіп келер» – деп сәуегейлік құрып отырар еді. Т.Әбд.

  1. Бағы бар, жолы болғыш. ~ Бірнеше жерлерде талаушылардың үстінен шығып қалып, маңдайы ашық кейбір бақытты адамдардың жиған дүниелігі өзінде қалуына себеп болды. Б.Май.
  2. Маңдайы кең, жарасымды. ~ Егізбай шұбат құйып отырған Ғайнидың жүзіне бажайлай қарады. Маңдайы ашық, қою қара қасты, мұрны сәл тәмпіштеу әйелдің ісі де, сөзі де тез және кісіге тура қарайды екен. Б.Тоғ. ~ Бидай өң, Биязы жүз, маңдайы ашық Күлкісі езу тартса ойға ұласып, Елгезек тұла бойы толы ілтипат Қалт етсе қарапайым қайырымға асық. К.Мырз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *