Келісті кең маңдай. * Бұл сонда қан күрең мақпалмен тыстаған табытта, тау боп үйілген гүл шоғының арасында кере қарыс маңдайы жарқырап жатар-ау! Ә.Нұрп. * Бұрынғы, маңдайы кере қарыс, сақалы қауғадай, жылы жүзді, өңі суығының өзі кісілікті, маңғаз орыстардың орнына өңшең қару асынған, қылыш байлаған, көздері шақырайған, түстері ызбарлы, өз-өзінен ашулы басқа бір орыстар келді. М.Мағ. * Жетіге Төлегеннің толды жасы, Маңдайдың кере қарыс екі арасы. “Қыз Жібек”. * Бәйбішенің босанатын сәті де жақындады. Қыз-келіншектер жарыс қазан жасады. Дүниеге іңгәлап шекесі торсықтай, маңдайы кере қарыс ұл келді. “Алпамыс б.” * Әкемді сағынғанымды, қанша сағынсам да оралмайтынын жаздым. Кере қарыс маңдайын, денесін тік ұстап, кең адымдап жүретінін жаздым. Е.Жең.
