Ауыр еңбекпен табылған табыс туралы. ~ Бәрі де, қол жетер жетістіктер де, табыс та үлкен қиындықпен, зор маңдай терімен келмеуші ма еді. «Ешкім маған көмектеспеді» – деп қолдан қайғы жасаудың қажеті қанша. Ә.Ысқ. ~ Еңбексіз таппа деп ақыл үйретпек. Алдымен өзіне неге айтпайды ол ақылын. Мынаның бәрі адал ақы, маңдай терімен келген– ақ шығар. С.См. ~ Содан тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бір өзі кішігірім бір мемлекет сияқты совхоздар мен колхоздар жаппай таратылып, халықтың маңдай терімен келген бар байлық ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпеді ме? С.Дос.
