Әлдебір жерге тақап келіп тоқтады. ~ Ауыз үйге шығып, сыртқы есікке маңдай тіреді. Екі мәрте нығыта итеріп еді, міз бақпады. М.Қаб. ~ Тұйықтағы темір есікке маңдай тірей тоқтаған, жолбасшы бұларды сыртта қалдырып қойды да, өзі сып етіп ішке кіріп кетті. Обалы нешік, кіруінен шығуы тез болды. Т.Сәу. ~ Маңдай тірер жері – Ташкент шәһарының түстігіне қарай қырық шақырымдай жердегі Ахангиран өзенінің теріскей жағалауындағы Күлтөбедегі Тәуке ханның “Ханабад” атты рабаты. С.См.
