Құдайға жалбарынды, қолдау сұрады. ~ Қанды көздей жарқылдап, Айдаһардай ақырып, Аруағымды шақырып, Көк толқындай суылдап, Көк тұлпардай зуылдап, Алдадан медет сұрайын, Əңгіме- дүкен құрайын! Ж.Айм. ~ Күні-түн жалбарынған медет сұрап, Жаратқан қабыл қылды жас тілегін. Н.Айт. ~ – Тәңірім- ау, сенгенім сен болсаң, сенің жолынды да жіңішкерткен екен. Алладан медет тілегендей, намазшам арасында қырға шығып қайтатынмын. О.Бөк. ~ Құдай- ау, енді маған не қыл дейсің, күнəмді қылға тіздім. Ойыммен ойды- қырды кездім. Құдай мен пайғамбардан мың қабат медет тіледім. Ж.Айм.
