Сіңірі шыққан арық. ~ Шегеден бұрын Калашниковтің кабинетіне бес-алты кісі кірді. Олардың ішінде Шеге танитындардан — аудандық комсомол хатшысы, мейіздей қатқан арық қара қыз Нұрила, аудандық прокурор Сұранышев, Сұржекей бар. С.Елу. ~ Бүкіл түр әлпетінен- ақ өне бойы күн астында жүріп, мейіздей қатып қалған қытай шаруасы екені бірден аңғарылып тұр. Қ.Жұм.
- Жарап тұрған құр атқа қатысты да айтылады. ~ Астындағы мейіздей қатқан жарау ақсұр ат аяқтарын ор киікше басады. Екі құлағын қоянша қайшылайды. С.Сей. ~ Астындағы мейіздей қатқан қара жал күреңнің тізгінін тежеңкіреп: – Ойланайын, мына қарбаласта ұрынып көргеніңе уақыт табылар ма екен? Ауылға бара көрелік, – деп екіұшты жауап қайырды. Ғ.Біл. ~ Қапелімде не болғанын білмей сілейген Кербұғы басын оқыс көтергенде, мейіздей қатқан қара қасқа атты үсті-үстіне сабалап, құстай ұшып келе жатқан қауға сақалдыны көрді. О.Бөк.
