Posted in

МЕЙІРІ ТҮСТІ

Елжіреп, емірене сүйінді, құштар болды, алпыс екі тамыры босады. ~ Құшақтап сүйді қатын қысып-қысып, Балаға пәруана боп мейірі түсіп. От болып өртенуге жақындайды, Жүрегі қуанғаннан алып-ұшып. М.-Ж.Көп. ~ Келіншек ауыр күрсінді. Сөйтті де, кенет мейірі түсіп кетіп, еңкейіп баланың маңдайынан шөп-шөп сүйіп алды. І.Ес. ~ Осының бәрінде де оның өмір жолында кездескен кісілер – құй фабрикант, құй полицей, құй, мейлі, түрме начальнигі болсын, мейірі түсіп маңдайынан сипаған бір жан болмапты. Ә.Нұрп. ~ Менімше, құдай барып тұрған эгоист, тек қара басын ғана ойлайды. Інжіл мен құранды оқысаң құдай мен алла адамды мейірі түсіп жаратқан. Д.Иса.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *