Алыстан бой көрсетті. * Құлқының құрғыр, осында бір қазына жатыр, құйрық жатыр деп жүрсің ғой… — деп бір кекетіп қойған еді. Бірақ соны айтса да осы баздың исі айдаладан мұрын жарып, “мен мұндалап” тұратынын есіне алған… М.Әу. * Қандағы мерез сияқты, іште жатады да, көзге көрінбей, жанды жегідей жейді. «Мен мұндалап» көрініп келген жаудан, баспалап көрінбей келген жау жаман. С.Бақб. * Көкжиекте, менің қарсы тұсымнан солтүстік- шығысқа қарай дөңгелене қарт Қаратау созылып жатыр. Алдымда – Қос Тұра. Қазір мына қырға шықсам, біздің ауылдан көрінбейтін Жетім Тұра мен мұндалайды. Г.Нарытб. *… оның сөзі де мағыналы, пікірі де байсалды, өмір тәжірибесі өлшеусіз мол адам екені мен мұндалап тұрғандай. Х.Есен. * Дәмханада аттары қызық алуан түрлі ішімдік мен мұндалап-ақ тұрады, бірақ тек салған жерден мас болғысы келген біреу болмаса, олардың бәрін бірдей татып жатқан адам кемде-кем. Хэм. (Н.Әбут.)
