Жолы болып, жұлдызы жанды; дегеніне қол жеткізді.
~ Турасына көшкенде, Жолдасбекке әлгіндей мәліметтердің түк пайдасы жоқ. Үш литрлік соңғы құтыға қол іліктірсе де мерейі үстем. Қ.Жиен. ~ “Дүние — кезек” осы. Әткеншектің екі басы кезек көтеріледі. Ретімен биіктейді. Биіктегеннің мерейі үстем. Дегені болады. Әмірі жүреді. С.См. ~ Бұл дәуір туысымен-ақ, Торшолақтың мерейі үстем бола бастады… Ж.Айм. ~ Романда сыбандардың пасық пиғылдарын әшкелеуші көпшілік бар. …Олардың мерейлері үстем болады. Арамдық құриды. Ғ.Қаб. ~ Иә, қай заман, қай дәуірді алсаң да орыс ұлдары сорлы Ресейдің мерейі үстем болсын деп бойындағы барын беріпті. Қанын, терін, төгіп, қажет болса жанын да беріпті. Ә.Нұрп. ~ … Дұшпан мерейі үстем шықты. Күре тамыры қиылған, даласы қурап, қаласы тозған — елдік емес, тірлік қуар кепке түскен жұрт қаскөй жауға табанды қарсылық көрсете алмайды. М.Мағ.
МЕРЕЙІ ҮСТЕМ, МӘРТЕБЕСІ БИІК
Беделі артық. ~ Әділдік бірде болмаса, бірде өз тағына мық шегедей орнығады. Асылы өстіп келген беделдің мерейі үстем, мәртебесі биік. Қ.Жиен.
