Posted in

МЕСЕЛІ ҚАЙТТЫ (ТҮСТІ, ҚАЙТ БОЛДЫ)

Әлденеге көңілі қалды. * – Сый деген не, ет болса бәрі бір дағы. Мен онша сынайтұғын жат қонақ па едім? Өзіңнің де қойың шағын емес пе? Жұмабай ақсақал меселі қайтып қалды. Басын шайқап, Елубайға қарады да, шаруасына айнала бастады. Ж.Айм. * — Ол не хат? Керегі жоқ, ары…— Меселі қайтып қатты ыңғайсызданған Сұлтан өрттей боп қызарып, хатты қалтасына қайта тықты. С.Мұр. * Әзберген түсі қабарып, түнеріп босағаға тізе бүкті. Ағасының кейпін көз қиығымен шолып еді, оның да меселі түсіп, салы суға кетіп отыр екен. Қ.Жиен. * Алдымен дәмге шақырғаныңа рақмет. Менің әлі де талай-талай жортатын жерлерім бар. Сол үшін үйге бармады деп ренжіме. Енді біріне келсек… Жас жігітсің ғой, меселің қайтпасын. Оның үстіне мына құнаныңның ауыздығына байлағаным болсын… – деді шынтақтап жантая беріп. Ж.Сәм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *