Posted in

МИДАЙ АРАЛАСТЫ

Бір-бірімен тығыз араласты, тоқайласты, миласты; қоян-қолтық қатынаста болды. ~ «Күштімен күреспе, әлдімен тіреспе» демейтін бе еді. Бастықтың аты – бастық. Төмендегісін жоғарыдағылар қолдайды. Бірімен бірі мидай араласып, сыбайласып жатқан шым-шытырық. Бас айналады. Б.Ыбыр. ~ Әдетте қазақ ауылдары жайлау мен қыстауларда аздап үрдіске айналған ру, туыстық белгілер бойынша шоқталып жайғасса, ал мына Майтөбедегі көктеу мен күзеу жағдайында бәрі мидай араласып кетеді. Ұ.Досп. ~ Адам адаммен, мемлекет мемлекетпен мидай араласқан кезде, балалаған үстіне балалаған мәселе сыздауықтай сыздап, жұмыр Жердің мазасын қашырып бітеді екен. Н.Сам. ~ Ал, мен ойлаймын: мына заманда, қалыпты жағдай мен шектен тыс құбылыстың мидай араласып кеткен тұсында, дерт пен денсаулықтың ортасына шекара қою мүмкін емес. Т.Әбд. * Әйелі екі иығы құнысып, едәуір жылады; орамалының ұшын ұйпалақтап үнсіз егілді. Опыну, аяу, өкініш, қызғаныш, намыс бәрі, бәрі мидай араласып күллі болмысы ботадай боздады. Н.Дәут. * Жел гүлеген сайын қарлы жыландар бастарын қайта- қайта көтеріп алып, естері шыға ойнақшып мидай араласа жөнеледі. C.Жүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *