Айтқан сөзді ұқпады; дұрыс деп таппады; қабыл алмады. ~ Орыс сөйлеп отыр. Оның көп сөзі миына қонбады. Үлкен төре деп мақтайды. «Төре» болса қайтсін? Мұның іздегені орыстың төресі ме еді? Киім, тамақ әпереді дейді. Соларға зар болып, осылардан сұрауға келіп отырған-ау! Ж.Айм. ~ «Бірінші-екінші шумақтары түсінікті. Нұрын, сырын деген сөздің төркінін де шамалаймын. Ал төртінші шумақтағы «көкірегінде болсын көз» деген сөйлем миына қонбады. Көз! Кәдімгі екі көз. Онымен көреміз. Ал көкіректегі көз қайдан келген?!.» Т.Әбдір. ~ Абыройдан, ардан түк те қалмаған, Айтқан сөзің құлағына қонбаған. “Болмаған бір жігіт!” дейтін Төкебай, “Оңбаған бір жігіт” болып сорлаған. А.Тоқм. ~ — Жиреншем, дүниенің шырағы не? — Арақ, хан ием,— Бұл сөз ханның өкіліне түспеді, ақылына қонбады. Бұдан кейін ешкім сөйлеген жоқ, сол күні солай тарқасты. Б.Қыд. ~ Мен атаманның мына сөздеріне илана қойғам жоқ. Әсіресе мұғалімнен қорықпайды дегені көкейіме қонбады. Біздің Бейсеккеңдерге қарсы шығып көрсінші, қарасын өшіріп жіберсін. Ол заман да бұ заман, ұстазына қол көтеруші ме еді… Қ.Қази. ~ . Осыған орай депутат ұялы телефонға телмірген ұрпақтың санасын сақтаудың бір жолы жасөспірімдердің TikTok-ты пайдалануына тыйым салу деген еді. Бірақ бұл көптің көңіліне қонбады. БАҚ.
МИЫНА ҚОНБАДЫ (КІРМЕДІ)
Ұқпады, түйсігі жетпеді. * Ал арадағы сыйластық дейтін ұзақ жолды жалғыз-ақ аттап, қысқарта салу деген түсінікті нәрсе Елтайдың миына қонбады. М. Қаб. * Айтқандай-ақ, “Көкең” Кірпішбай емес, Қодар екен. Бұл жаңалық көпке дейін Еркебұланның “миына қонбай” қойған. Ә.Тар. * Ақбала күрсінді. Шай үстінде бұның миына кірмейтін түсініксіз бірдеңелерді күңгірлеп отыратын жігітті өзінің пысы басып отырғанын сезеді. Ә.Нұрп.
