Posted in

МИЫҒЫНАН КҮЛДІ

Жымиып, езу тартып, күлімсіреді; мысқылдап, кекесінмен, табалай күлді. * Мақан қайтып үндеген жоқ. Кейін сөйлермін дегендей «Ә-ә» деп, миығынан күліп, жалпақ маңдайын сипай берді. С.Жүн. * Иығын көріп, ат үстінде шалқайып отыратын басқарманың мынау қораш күйін алғаш байқағаны. Сүлкей тағы бір ысқырып жіберіп, миығынан күлді. С.Елуб. * Енді мешкейлік мақтан болғаны-ау. О, тоба! «Арғымақтың баласы аз оттар да көп жусар…» Өзімен құрдас Жәніке миығынан күлді. «Жабысың» дегені ғой. З.Шүк. * Өз атына айтылған мақтау сөздерді миығынан мүсіркей күліп тұрып, рахаттана тыңдаған майрампаз жігіт бұдан әрі көп бөгелмей … кете берді. О.Сәрс. ~ Жермен де айналысасың ба? – деп сұрадым. Балзия мөлдірей қарады да миығынан күліп алды. Аққұманды газды ошақтан түсірді. Тетігін бұрап өшірді. Т.Ор. * Теміржолшы Мәлібек жалпақ алақанын аударып-төңкеріп отырып миығынан күледі. Екі иығы селкілдейді. Жауырыны еңкіш еңгезердей кісі үнсіз жылап отырғандай елестейді. Д.Дос.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *