Қатты ыстық, қапырық. ~ Қыстың қақаған бораны мен жаздың ми айналдырған ыстығына бой бермейтін көнтерлі халық ─ алып халық, аңқау халық. С.Шайм. * Шілденің күні шаңқай түсте ысып, ми айналдыратын тұста, тірі жан кірерге тесік таппай, бәрі де алақандай болса да көлеңке іздейді. Тал түсте көлеңке де барынша қысқарады. Ш.Мұрт. ~ «Этап» дегеннің өзі бір қиямет қайым. Ми айналдырар ыстықта поездың зектерге арналған вагонына бөшкеге нығыздала салынған «селедка» балықтай тиеп тастайды. “Әкем болса…”
