Айыбын мойындады. * Алдарыңа бас идім, өткендегі қылмысымды кеше көріңдер! Тарих жүзінде лағынет айта көрмеңдер! Көп кешсе, сот та кешер. Сот – жұрттыкі ғой. Мойныма алғанымның белгісіне Қамит марқұмнан ұрлап алған бір əңгімені алдарыңызға саламын. Ж.Айм. ~ Мен – жұрттың көзін бояушы, атаққа мастанған бір қу едім. Адасқандығымды жаңа білдім. Өткенге тəубе қылдым. «Ағаттығын мойнына алу да – ерлік» дейді ғой. Уа, жұртым. Ж.Айм. * Оған шейін Әбілғазы да құлақтандырылады. Байшоқыға хабар беруді Бекарыстан өз мойнына алып отыр. З.Шүк. ~ Бар кінәні өз мойнына алған Мекен бес жылды арқалап кете барған. Ө.Кәр. ~ . Әзберген түнеріп ұзақ тұрып бір кезде: “Айып бізден, ахун бауа!” деді кінәсін мойнына алып. Көпшілік Әзбергеннің кінәсін кешті. С.Ел.
- Өз міндетіне алды. * Мыңбай бұларды паналатуды мойнына алып, уəде берді. Ж.Айм. * Көп адамның ар – ожданының иманын, обал – сауабы үшін жауапкершілікті өз еркімен мойнына алды. Мұндай ауыр міндетті мойнына алуына себеп болған, әрине, дін мәселесінде түк білмейтін қараңғы надандығынан … М.Кар. * … келген жігіт-желеңді күле қарсы алып, әзілдесу, қысқасы, мәдени, әкімшіліктейін сыбай-салтаң, сыпайы тіршілікті өз мойнына алған. М.Қаб.
