Posted in

МОЙНЫНА СУ КЕТТІ (ҚҰЙЫЛДЫ)

Әлденеден түңілді, қатты қапа болып, еңсесі түсіп кетті. ~ Сайлаушыға бір жіберді, келмеді; Бадырақ далақтап өзі де барды – келмеді. Жуандардың мойнына су кетті. Ж.Айм. ~ Бүгін болыс Үнияға айтайын деген сөзін ұрыс-тартыстың арасында
айта алмады. Амалсыздан мойнына су құйылып үйіне қайтты. Ә.Шәр. ~ Алайда бастықта кісі жұмсарлық шама жоқ тәрізді. Мойнына су кеткендей, жүні жығылып болдырып қалған. М.Қан.

МОЙНЫНА СУ ҚҰЙЫЛДЫ

Ұнжырғасы түсті, көңілі құлазыды, жүні жығылды. ~ Аяғында, мойнына су құйылып: «Өзіңнен басқа сенерім жоқ» – деген соң, әлгі иттің малын іздеп кеткені ғой, Табандаған жиырма күн жүріп, табанынан таусылып бармаған кісі қоймай, аяғында, бар малын алып келді. М.Әу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *