Posted in

МОЙНЫНА ҚҰРЫҚ ТҮСТІ (САЛДЫРДЫ)

Тұсалды, еркінен айрылды, құлдыққа түсті. * Асқақ рух, алаңсыз еркіндігінен айырылып, мойнына құрық түскен қазақ тағдыры өзегін өртейді. М.Жолд. ~ Осы Қаралы төбедегілер, бір қазағы, біреу шындықты біліп, қатты айтса-ақ болды мойнына құрық салдыруға дайын. Р.Мұқ. ~Қамалды; тұтқын болды. * Мойынға құрық түсiптi, Қиналсақ та шықпастай. Саңырау елге кез болдық, Жалынсақ та ұқпастай. Б-С. “Бозжігіт”. ~ Мойынға құрық салдырып, Түскелі тұр-ау қыспаққа. Ақжанды жалғыз қалдырып, Жетпекші қандай ұшпаққа. C.Тұрғ.

  1. Аяғы байланды; үйленді.* Кербез қыздың күйеуі — бай баласы, Үйде отырса, мойнына түспек құрық. Кенен.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *