Posted in

МОЙНЫН СЫРТҚА САЛДЫ (БҰРДЫ)

Жақтырмады, ұнатпаған пішін танытты. ~ … неғып аяқ астынан үйленетін болып қалды, ол неғылған батпан құйрық, тегіннен-тегін жатқан құйрық,- деп мойнын сыртқа салып сенбей, көнбей бәле қылыпты. Д.Досж. ~ Пальтоның түймелерін салып ағытып, салып ағытып, жасанды жағасы құрғырды астынан көтере желпілдетіп қояды. Онысы желпілдесе жақсы, күркетауықтың қатырма қанатындай салп-салп етеді. — Қалай, жараса ма? — Айтпа…— деді Елтай мойнын сыртқа салып. М.Қаб. ~ Есімнің қолындағы ашаны жұлып алып қораның төбесін қатулана түрткілей бастады… Тесік жасады. Сыртқа бу бұрқырап шықты. Болат басын изеді. Райқанға: “білдің” дегендей сүйсіне қарады. Тысқа шығысты… Есім Болатқа сөйледі. — Біз не бұйырса соны істейміз. — Одан әрі Есім қадалса да, сөйлемей мойнын сыртқа бұрды. М.Әу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *