Біреудің ырқына көнді, айтқанын істеді, келісті; мойын ұсынды. ~ — Бас пен қол ынтымақтассын дейді, — деп ішінен дұрыстығына мойын қойса да, сөздің сыртын үйлессіздеу көріп күліп, — олар бір жұмырықтасып, шекелесіп жүргендей, — деп бар қатынды тегіс күлдірді. М.Әу. ~ А, шешеке, менің сөзімде болмас қата, Әкеміз қайныңа бар деп қылды бата. Шешеке, қайныма баруға мойын қойды. Менің мінер жылқымның түсін ата. “Қозы К. – Баян сұлу”. ~ Мұнша пәлелерге, мұнша бақытсыздықтарға шарасыз мойын қойды. Өзі аз ғана ауылымен жүз шақырым Жайықтың жоғарғы жағында көшіп жүрді. Ғ.Муси (“Айқап”).
- Назар салды; ынта қойды, ниеттенді. ~ Оның немересі, менің әкем – Андрей Павлович Курагин Op қаласында наказной атаман болған. Мен жасымнан тентек болып өстім де оқуға мойын қоймадым. С.Мұқ.
