Күрт кетті, оқыс қимылдады, шорт үзілді, ~ Сөзі өлусіреп шығады: – Дүйсекені де аяушы табылды. Шүкірлік! Жиырма жыл Жұныстың атса оғы, шапса қылышы едім. Міне, тасқа тиіп морт сындым. Қатын, баласыз, үй-күйсіз, салт атты, сабау қамшылы бір жанмын. Ұрлаған малымнан алған қарғысым кеп. Ғ.Мұст. ~ Шіркін-ау, əр қашанда жайдары қалпынан аумайтын, алакөңіл бөлек мінез байқатпаған адамның морт сынар кезі де болды деп, сірə, ойлаған ба?! Е.Мұх. ~ Елемес екеумізбен сырттан қарадай араздасып, бізді атарға оғы болмай жүрген Тоқсанбай суы қанбаған темірдей морт сынды. С.Ом. ~ Біреулер жағдайға қарай тез құбылады, тез бейімделеді. Біреулер морт сынады. А.Жақ. ~ Арада орнаған тас түнек тыныштықты әйелдiң ғана дәтi барып бұзғандай көрiндi. Морт сыңған жiгiт салбыраған басын ептеп көтерiп, еңсесiн тiктедi. Ә.Ыб. ~ Бойдағы жастық жалын қаншаға сүйрерін кім біледі, бір күні морт сынады-ау деп іштей ойлағанымен, ешкім бұл сөзді бетіне айта алмайды. Б.Тоғ.
