“Қанды ауыз болсын” деп, мылтығының аузын атып алған аңының қанына малу ырымы. ~ – Мұның не? – деді Қойлыбай аң-таң болып, – Өзінің аузы кең екен. – Мұны «мылтық аузын жалату» дейді. Біздің аңшы аталарымыз аңға шығарда, егер кезіге қалса, мылтығының аузын жыланға жалатып алады екен. Сонда мылтықтың аузы улы болып, атқан аңы жалп ете түсетін көрінеді. «Мылтық аузын қандау» деген де бар. Аңшылар атқан аңының қанына мылтығының аузын жалатады. Қанды ауыз болсын деп. Ә.Қайр.
- Бір нәрсе атып алды. * Мылтығымыздың аузын қандап алсақ, күн қыза жас қуырдақ жеп бір-ақ тынығармыз
. БАҚ
