Өзін бай-бағлан, мырза жігіт етіп көрсеткісі келетін адам, мырзасымақ. ~ Мардан мына шахтаға келген кезде ол шыртия киініп, шіреніп басып заводты атпен ғана аралап жүретін мырза сүрейлеу болатын. І.Жанс. ~ “Әттең тонның келтесі- ай! ” деп жүрген сүр бойдақтар. Өздері шетінен мырза сүрей. “Таңғы нәсіп тәңірден” деп, бүгін тапқанын ертеңге жеткізбейді. Т.Рыск. ~ Ел ішінде қалпақты шекеге киіп, ойын, той іздеп, сән көздеп, қалтасында иісмай, әтір, қыз-келіншек аңдып жүретін мырза сүрей жігіттер болады. Солар үшін, әсіресе, қыз-келіншек тіккен кестелі орамал ұстау бір мәре. Ж.Ахм.
