Posted in

МЫСЫҚТАБАН БОЛДЫ (МЫСЫҚТАБАНДАП БАСТЫ, БАРДЫ)

Аяғын ақырын, еппен басты; басқан ізін білдірмей, жасырын жүрді. * Біреу-міреудің көзі шалып қалмасын. Мысықтабан бол! – Айнұр екі айтқызбаймын дегендей имек қастарын маңдайына түйістірді. Ш.Құм. * Жеміне шапқалы тұрған жолбарыстай әр дыбыс, әр сыбдырды қалт жібермей, жиі тың тыңдап, еппен, мысықтабандап басады. К.Сег. * … баукеспе ұрыларша сырт көзге жымын білдірмей мысықтабандап барып күнде құшақтасып қайтатын ақ білек, бұраң бел, күлім көз келіншек: «Қайтесің, қамшылама қасқа атымды, қыздардан артық көрем жас қатынды… » деп әндете жөнеледі. З.Қаб. * Жарма есікті ашып, мысықтабан жайлап басып енген мұны көріп, саусағымен іліп шақырып, кеңес өткізетін ұзын үстелдің шетін мегзеді. Д.Досж.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *