Posted in

МЫҢ ДА БІР ДӘРІ (ЕМ, ДАУА)

Әлдебір сырқатқа қарсы бірден бір шипа, таптырмайтын ем. ~ Әсіресе, керосин мен сынап мың да бір дәрі екен: бит біткенді қасқыр тиген қойдай дүркіретіп, ана шаштың да, мына шаштың да түбінен андағайлатып айдап шықты. Ж.Айм. ~ Бертін келе: “Ойбай, аюдың өті көп ауруға мың да бір ем дейтін үрдіс шыққалы жыртқыштың ішін ақтармалап, өтті бауырымен ойып алатынды, одан шипалы сұйықты тұз салынған шөлмекке құйып алуды үйренді. К.Сег. ~ Маңдайына бұрқ етіп шыққан терді білегінің сыртымен сыпырып тастап, бидонды бізге қарай итерді: “Тауысып тастаңдар, ішке түскен ыстыққа мың да бір дауа”. Сыра ма, квас па, әйтеуір, тіс қақсататын мұздай суық сусын екен. М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *