Таңданыс. ~ Оның орнында: «Дінасыл, мен сенің шығармашылыққа оралар күніңді сарыла күткен едім», – деген жалқы сөйлемге көзім сүрінді. Міне, қызық, жалқы сөйлемді тізген әріп таңбалары менің өз жазуым. Д.Қуат. ~ – Міне, қызық!- деді жігіт.- Кешіре алмайтын мен болуым керек еді ғой. Д.Иса. * Қилы-қилы ойларға шомып, шылым тартып отыр едім, кенет есіктің қоңырауы бажылдап қоя берді. Міне, қызық! Бұл кім екен? Т.Берд.
