Құдайына құлшылық етті, дұға оқыды. ~ Адаспағандарына көзі әбден жеткен дірдектеген топ, қамшыгердің піріне мінәжат етіп, айқұлақтана шапты ілгері. О.Бөк. ~ Бітір дейді, зекет дейді. Алла соның жалғыз өзінікі ме екен? Әркім өз үйінде құлшылығын жасап, мінәжат етсе болмай ма? М.Әбд. ~ Дегдар софының бақыты – пайғамбар ғалейкссаламның шапағаты сіңген Меккеге жетіп мінәжат қылу. Д.Дос. ~ Әлқисса, онда анасы ойлады «менің балам бұ сапардан қайтпайын деп талап қылған екен. Бұған ризалық батамды беріп жіберейін» деп, Аллаға Тағала, екінші әнбие-әулиелерге тапсырып мінәжат қылғаны. “Қыз Жібек”.
