Posted in

МІН ТАППАДЫ (ТАПТЫ)

Бүкіл бойынан (ісінен) кемшілік көрмеді. ~ – Кәне, сен бермегенде Нұрымның қай жерінен мін тауып бермеймін дейсің? Малды десең малды: әлді десең әлді, ата-тегі анау: жеті атадан бері үзілмей келе жатқан бақ-дәулеті мынау. Тегін кісіге бақ қона ма? С.Тор. ~ Бір мін тауып алар ма екен дегендей, Қасым іштей қыпық-қыпық етті. К.Қаз. ~ Сүлейменнің танығыш, сынамшыл көздері бурыл аттың бойынан иненің жасуындай да мін таба алмады. Б.Соқ. ~ Бірақ істеген істеріне, көтерген бастамаларына қарасаң, мін тауып, жабыса кету қиын. Б.Тоғ. ~ Қылп еткен қылығынан бір мін тапса, Жібере жаздайтын жерге қағып. Д.Әбіл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *