Қателік жіберді, жаңсақ басты, шатасты. * Жебе тиіп мерт болса, ар киесі атқаны, жігіттің жаны салауат. Жаза басып, мүлт кетсе, азат болсын жас жаны, арудың ары салауат!- деп билік айтады. Ж.Сәм. * – һім, – деді Армстронг оны қоштай қоймай. – Бұл арада мүлт кеттіңіз, Блор. Мұндай маньяктардың көпшілігі қойдан жуас келеді. А.Крис. * Бұған дейін менің Кәмилаға атқан үлкенді-кішілі оғымның мүлт кеткені жоқ. С.Досан. ~ Бала біткен қыран топан күлкіге батқан. Өзінің мүлт кеткенін қара бала да сезсе керек, күрек тістері жылтырап, ыржиып тұр. К.Жүн.
