Posted in

МҰЗДАЙ ТЕМІР ҚҰРСАНДЫ

Бақайшағына дейін қаруланды. ~ Тоқсан құлдың біреуі, Бүгіліп сәлем бермеді. Байды көзі көрмеді. Сонда бай тұрып бұрсанды, Мұздай темір құрсанды. Тоқсан құлдың бәрінің Атын атап шақырды. А.Байт. “”Ер Сайын”) ~ Жұрттың бәрі Мәскеуді тастайық дегенде жалғыз Сталин емес пе, міз бақпаған. Соған қарап қалың ел рухтанып “Сталин үшін!!!” деп мұздай темір құрсанған жаудың бетін қайтарды емес пе Мәскеуді қорғап. С.Ел. ~ Мұздай темір құрсанып, Жекеге шығып қалыпты, Қаһарынан кәпірдің, Жер майысып алыпты. “Манас” (Б.Әлімж.) ~ Ақыры, аюдай ақырған, шамырқанып, шамданған көсемдер кейістік майданында кезікті, арыс ары жайдай шарт етті, кеудеде көк айғыр кісінеді, ашу-ыза борандай ұйтқыды, мұздай темір құрсанды. М.Азд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *