Posted in

МҰЗҒА (САЗҒА) ОТЫРҒЫЗЫП КЕТТІ

Алдады, қулығын асырды, жер соқтырып кетті. * Мәселенки, кеше түнде сан қилы айла жасап, Қасен, Семейхан, Ерлан,Мұраттарды тақыр мұзға отырғызып кеттім. М.Қаб. * … енді қараса, әлгі кіп-кішкентай кеше сержанттан көтерілгеншілтікей бастығы үлкен елден қару-жарақты үйіп-төгіп алыпты да, көк тиын төлемей мұзға отырғызып кетіпті. Ә.Нұрп. *«Пәлесінен аулақ!» – деп, сазға отырғызып кеткен оларды бір боқтап, сазға отырып қалған езін бір боқтап, көрші суды жайлайтын қыпшақ құдаларына таман жылжып қонуға мәжбүр болады. Ә.Кек. * Бұл немелердің жалба тымағының асты толған айла-шарғы болса керек. Оп-оңай сазға отырғызып кете берулері мүмкін. Ә.КЕк. ~ Әлгі өздері жылқы сатқан базардағы кеуек бас байталдың саудасы төңірегіндегі қызу-қызу тұжырымдар құлағында қайта жаңғырды. «Е, біз өзбектер

мал тануда, тұлпар шығар құлын-тайларды айыруда қазақтарды тақыр мұзға отырғызып кетті» деп, қан қақсасақ мал табудың

тірі құдайлары мұнда екен. Ұ.Досп.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *