Posted in

МҰЗ БАЛАҚ

Қыран бүркіт, ақ иық қыран; сайыпқыран. ~ Бүркіт емес, қырдың қыраны. Қапсағай, жебелі саусақ, жезтырнақ. Қайқы жауырын, қарашегір, қанды көз, орақ тұмсық, делдең танау, балуан балтыр, еңкіш еңсе, мұз балақ, үш түлеген тас түлек. Ж.Айм. ~ Ақ иық мұз балақпын жерге түспес, Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес, Басайын аптығыңды, тез шық, Сара, Сен түгіл әкеңдеймен болдым істес. Біржан Сал. ~ Тізіліп сапқа тұрған сірі садақ, Ақ сары алдаспандар жалақ-жалақ. Сықылды Ержан, Науан ерлер де жүр, Мұз балақ, қаңтардағы қырау қабақ. І.Жан. ~ «Ұзақ түн зындан екен – жалғыз жатқан Кім тапқан жалғыздықты, қалай тапқан? Иесіз отау қараң, мен де қараң, Оп-оңай айрылыппын мұз балақтан». Ә.Тәж.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *