Posted in

МҰНДА БІР ГӘП БАР

Мұнда бір құпия сыр жатыр. ~ Және Мырзабек – осы Оспан ақсақалдың туған інісінің баласы. Сол жақын туысын шал әлдебір адамдай «біреу» дейді. Мұнда бір гәп бар-ау…Д.Әш. ~ Сөйтсе, ол ұран екен. Ұран болғанда да кісінің зәре иманын ұшыратын ұран боп шықты. «Жойылсын байлар, жасасын кедейлер!» Міне, гәп қайда! Ал бұлар осындай үзілді-кесілді саяси ұранның астында үш күн бойы (!) мамыражай өмір сүріп келген! Д.Ис. ~ – Не де болса бұл тегін адам емес. Мұнда бір гәп бар: аттан құлайтын кісінің сиқы көрінбейді, – дескеннен басқа, дөп басып сәуегейлік айта қоюға ешкімнің батылы бармайтын секілді. Өлім жолы ауыр. Жорамал айтып жобалап, нобайлап тон пішу бұл арада ыңғайсыз. C.Жүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *