Posted in

МҰРНЫНАН (ТҰМСЫҒЫНАН) ШАНШЫЛДЫ

– Ойпырмай-ай, мұрнымыздан шаншылып сүрнігіп жүргенде, тығыз-таяң бұл не шақырту?! – деп … бас бухгалтердің қасына барды. О.Сәрс. ~ Сүтті қайнату, қаймағын сүзіп алу, көк суын мұздатып балконға шығару… түгелімен Жолдасбектің мойнында. Оу, оған Жолдасбек шаршай ма? Әйтеуір, олай- былай мұрнынан шаншылып шапқылап жүргенде әлденеге сүрініп кетіп, Рыскүлді оятып алмаса жарағаны. Қ.Жиен. ~ Оған ешкім жауап қатпады. Ескекшілер мұрнынан шаншылып жатқан. Ш.Айт. ~ Жұмыстың қара қыртысын айырмасаң да қора-қопсының жыртық-тесігін жамап-жасқап, мал шетіне шығысып, шаруа қамына жетісе алмай тұмсығынан шаншылып жүретін балаларыңа бас-көз болып айғайлайсың. Ғ.Біл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *