- Пайдағп кенелді. * «Мал ашуы – жан ашуы» пайда тауып, мұрттарын майламақ болғаны сол, ақ-адал малдарын көзiнен тiзген балықтай ғып, қалмаққа санап берген Қожанның жiгiттерi дүрлiгiсiп: «Атасына нәлет, төре нағашы жұртына бiздi әдейi жығып бердi. К.Сег. ~ Бәйділда Жанғазы төренің етегінен ұстаса,
Раманқұл қара сарттың сарқытын ішіп, мұртын майлағанына мәз, қорасын малға толтырудың әрекетінде жүр. З.Шүк. * Мәселен, қазіргі заманға қатысы жоқ, ескі тарих не алпауыт байлар мен мансапты көкелер туралы жазыңыз. Әрі қауіпсіз, әрі еңбегіңіз еселеп қайтады. Әріптестеріңіздің көбі сөйтіп мұртын майлап жүрген жоқ па? Т.Сәу.Көңілін тапты, аузын алды. * «Жас бала емес пе, ыңғайын тауып, мұртын майлап жіберсем қайтеді», – деп те мұны сайтан түртті. Бірақ бұл ниетінен лезде айнып салды: есіл сөз мірге өтпей жатқанда, бүгінгі жас былайғы ымды қайдан ұқсын деп ойлады. Ә.Асқ. * Арадағы қол алыстырар жорға-жайсаңның мұртын майлап, батагөйлердің алақанын алтындап, шоттың тасын ары-бері қағыстырғанда – тайтұяқтың ширегімен ауылдың ағасы болды, бүтінімен ауданды биледі. Т.Сәу.
