Ашу шақырды, есі шықты. ~ Малымыз үркіп далаға босып кетті – деп мүләйімсыған кезде, тергеу үйінің төменгі жағында отырған Омар қабағын жиыра, мұртын тікірейте мылқау болып бақырып кеп қалғанда, Әбдіғали бетін басып етбетінен түсті. С.Бег. ~ Мен кетсем, сен де сөйтесің, жирен қу, – деді Мысық мұртын тікірейте, көзін алартып. – Қамбадағы бар асыл дүние-мүліктерді сүпит қыласың. М.Әбдіх. ~ Редактор Шерхан Мұртаза «Әуелден ғылым қуып кетіп ең ғой, неменеге қайтып келдің?» деп мұртын тікірейтті. Р.Нұрғ.
