Posted in

МҰҢ ЕКЕН

  1. Әлдебір сөзді не істі күтіп тұрғандай, дәп сол сәтте д.м. ~ Сол-ақ мұң екен. Шет жайлап жүрген Көпбаев Суаз зоотехник те, жүгері жөніндегі агроном Мақтанов Көктал мен есеп қызметкері Әлімбетов Тоқтанай да өз ауылына қайтып оралды. С.Шайм. ~ Мен батамды бердім! – деп жар салуы мұң екен, қонтайшы атаулы батысқа – қазақ даласына, яғни, Сарыдаладан – Сарыарқаға дүлей құйын боп лап қойды. Т.Жұрт. ~ Гүлнаш шапанын жамылып, түзге отыруды сылтауратып, төбеден асты. Қасында Бадан. Төбеден асуы – ақ мұң екен, екеуі далақтап жүгіре жөнелді. Т.Әл. ~ Димаштың орындауындағы «Махаббат бер мағанды» тыңдауы мұң екен, Анита Карл өзіне «қалайда қазақша үйренуім керек! – деп шешеді. БАҚ ~ Көз алдына қаһарлы шұнақ құлақ қара шал елестеуі-ақ мұң екен, қос мұңлықтың табанын жерге тигізбей алдына caп, айдай жөнелді. С.Дос.

Аса қиын шаруа екен д.м. ~ Қысты күні саяжайға көмір түсіру бір мұң екен, құдай басқа салмасын… БАҚ. * Адам болып жаратылудың өзі таудай бақыт. Соны сезу мұң екен – ешбір бақытсыздыққа бұл дүниеден орын қалмайтын сияқты. Ш.Мұрт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *