Оңып тұрған жоқ, онша емес. ~ Баршақұм, Борсықтағы жұрттың жағдайы да мәз емес. Қоныс онда да тарылған. Орысқа жақындап қонудан сескенеді. Жетірудың ауылдары бері қарай ығысып жатыр… Жер дауы көп… Күнде барымтадан бәрінің де тынышы кетіпті. З.Шүк. ~ Халімнің онша мәз емес екенін де мен Сіздің түріңізге қарап сезіндім. Үкімді оқығанда Сіз жылап жібердіңіз-ау. Қанша жасырғаныңызбен байқап қалдым. Ж.Нәж. ~ Жәмила мен ағатайым жайлауға кеткен күннен бері менің тірлігім мәз емес. Апам аттап бастырмайды. Ш.Күміс. ~ Атын толық ұға алмай қалғаныма ыза боп тұрдым да, іштей: «Мейлі, есімі сол соңғы буын — Бай-ақ болсын»,— дедім. Иә, жағдай онша мәз емес екен… М.Қаб.
