Әлдебір істің ұйытқысы, ұйымдастырушысы болды. ~ Серіктескен коллектив Мәйегі боп шаруаның, Жаңа өмірге рет қып, Ел еңбегін сүйіп тұр. І.Жанс. ~ Ең үлкенінің – бар бүліктің ұйтқысы, бар қырсықтың мәйегі болған жаңа Робеспьер-Нечаеятың есімінен кеңдік, мейірбандық, молшылық лебі ессе… М.Мағ.
- Негізі, мағына-мәні болып табылды д.м. ~ Мақаладан «Еңбексіз егін шықпайды, терлесең, терің тегін қалмайды», «Ата жолдасы – надандық», «Аллаңнан ойбайым тыныш», «үміті бар, талабы жоқ» сынды мақамды мақалдар мен мағыналы сөздер, мақаланың мәйегі болып, мазмұнын терең бойлауға, мағынасын әріден ашуға көмекші құрал болып отыр. БАҚ. ~ Салт-дәстүрдің мәйегі болатынның бәрін жинап-тернеп программаға салдым. «Қырсыққан ит қыңыр жүгіреді» дегендей, ол ісім де қырын кетті. Д.Мам.
