Ерекше көңіл аударды. ~ Әбиболла былай шыға Иманжүсіп пен «иманжүзді» деген сөздердің өзара сәйкестігіне мән берді. Б.Тоғ. ~ Олар бір сүйсе өліп-өшіп құлай сүйеді. Және сонысынан өздері қасірет шегіп, азап тартады. Асқар Зәурештің әрбір сөзіне, әрбір қимыл-қозғалысына мән беріп тұрды. Ә.Әл. ~ Жоқ, сен ойланшы өзің, менің сөздеріме зер салшы, рас қой. Әй, інім-ай, біздің әрбір сөзіміздің астарына мән беріп қарасаң, көп мағына сезер ең. К.Өтж.
МӘН БЕРМЕДІ
Көңіл аудармады, ықылас қоймады, елемеді. ~ Әлима бұның бірде-бірін аңдамады ма, жоқ әлде оған мән бермейтін өзінің әдеті ме; бұрылып артына қарамады. М.Сүн. ~ Бас дәрігер қажет болса өзі шақыртып алады, – деді сестра мұның сөзіне пәлендей мән бермей. Т.Әбд. ~ Бұрынғыдай үй-ішіндегі ұсақ-түйек заттарға мән бермейді. Тіпті кірген шыққан жұртқа да көз тоқтатпайды. Өзімен өзі. Т.Әбд.
