Posted in

МӘРТЕБЕСІ АСТЫ (БИІКТЕДІ, ӨСТІ))

Беделі, абырой-атаға (әлдекімнен) артып кетті. ~ Күтпеген осы ерліктен кейін біздің аруағымыз көтерілді, төменгі ауылдықтарды түре жеңіп шықтық. 15:10 – бұдан артық қандай қарымта керек? Ырысбектің мәртебесі асып-ақ қалды. Е.Жең. ~ Біздің алдымызда оның мәртебесі бұрынғыдан да биіктеп, беделі тіптен шарықтап өскен еді. С.Мұр. ~ Есесіне омырауы ор- ден, медальға толып мәртебесі биіктеген. Ө.Кәр.

МӘРТЕБЕСІ ӨСТІ

Атақ-даңқы артты, абырой жиды. ~ Егер бұған арналған күйі сәтті шығып, жалпақ жұртқа жайылса, мұның да аты ел құлағына жетіп мәртебесі өскені ғой. Ө.Кәр. ~ Осы өжеттік пен жүректілік тар жерден жол табар ақылмен қосылып, бірікенде ғана батырдың жолы болып, мәртебесі өседі. О.Көш. ~ Талай жерді көрген, талай сыннан өткен, ел билеген Жандай «сені күтіп тұрдым» дегенде кенеттен толқып, әкесінің көз алдында мәртебесі өсіп, үлкен беделге ие болды. А.Жақс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *