Posted in

МӘСЛИХАТ ҚҰРДЫ (ҚЫЛДЫ)

Кеңесті, ақылдасты, әңгіме-дүкен құрды. ~ Бата орнына айтылған аталы сөзден кейін бәрі де беттерін сипап, орындарынан тұруға ыңғайланғанда Қазақбай қажы: – Ағайын, түн қатып, түсіміз қашып дегендей мәслихат құрдық. Шылекең абыздың сөзінен кейін бұл әңгімені қаузаған жараспас. К.Сег. ~ Кезінде Ақан сері сияқты атақты адамдар, ол өңірдің небір зиялы игі жақсылары төрінде отырып, мәслихат құрған, қонақ болған құттыхана бүгінде көп қабатты үйлердің тасасында қалып, көзге қораш көрінетін сияқты. С.Ақб. ~ Болғанда айдай әлем, күндей күлем, Аузымды ашсам денемнен қайнайды өлең. Отырған мәслихат қып ақсақалдар Сіздерге Төлеген кеп берді сәлем. “Қыз Жібек”.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *