Көзге түсті. ~ … ала көлеңке үй ішінде босаға тұста май шамға от тұтатып сопайып тұрған Дәу ападан басқа назарға еш нәрсе ілінер емес. С.Ел. ~ …соттың оны ерен көрмей өз бейiлiмен шешiм шығаруы, жоғары жақтағы бәле iздегендердiң бiрден назарына iлiнедi. Ә.Ыб. ~ Арада бие сауым уақыт өткенде барып, қоңыр дөңнің баурайында бос жүрген Баршынкөк тұлпар көзге шалынды. Қалың боздың арасынан алтын ішікті ағзамы назарға әзер ілінді. Ә.Ыб. ~ Кәдімгі осыдан жүз жыл бұрын Төр Алтайға сапарлап келген жазушы Георгий Гребенщиковтің назарына ілінген – жер төресі Қызылтас. C.Байх.
