Posted in

НАЙЗАҒАЙ ОЙНАДЫ

Найзағайдың жарқ-жұрқ еткен жарқылы туралы; көкті тескен найзағай жарқылындай жалт-жұлт етті. ~ Сарбаз жинап түзеттің Майданды қанмен бойадың. Алтын, күміс, болатты Әскербасы безедің. Жай оғындай жайнаған Мылтық берен кезедің, Найзағайдай ойнатып. А.Байт. (“Орманбет”) ~ Бір кезде қара бұлт көтеріліп шығып, дауыл тұрып, күн күркіреп, найзағай ойнай бастады. Күн жауды. А.Байт. ~ Әсіресе, июль айында күн күркіреп, жан шошырлық найзағай ойнайды. Найзағай ойнаған сайын жай түсіп, зәулім қарағайларды қақ айырады. О.Бөк. ~ Түнерген түнек қараңғылықтың қара көкірегін қақ бөліп, найзағай ойнады. Т.Рыс. ~ Құнан– жігіт қандасы қарғи шапшып, сом тұяқтары Дулаттың төбесінде найзағайдай ойнап, адам жанды, хайуан тәнді ұлы денесі қиялай құлады. А.Алт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *