Posted in

НАЛА ҚЫЛДЫ

Өмірге, тағдырға қапасын айтып, зарланды, зар жылады. ~ Соны өзге жерде шығармайтын, басқа жанға шақпайтын халық, бүгінгі бір ғана азаматтың азасының үстінде айғайлап жылап, нала қып біріне-бірі шағады. М.Әу. ~ — От үрледім жеті жыл: “Жаншы, жан!” Жарлық қылдың жаңбырға: “Жауа сал!” — Мені биыл қалдырмай бұл парыздан, Болмаса, — қылды нала — жанымды ал! М.Ж.Көп. ~ Асхаптың баршасы һәм мұны көріп, Көзінен жасын төгіп, қайғыланып. Жылады үлкен-кіші бәрі һама, Айтады: Хасен, Хұсайын нала қылып. М.Ж.Көп. ~ Қар жауды деп ойлайтын да, бір соғатын санына; Ерсіл-қарсыл, күңкілдеп үйге енетін нала ғып, Не істеуге біле алмай байғұс кедей қабарып, Тысқа қайта шығатын, мәссаған, бұл жаңалық! М.Мақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *