Барын салып күресті; жеңіс биігінен көрінді; ұятқа қалған жоқ, арын сақтап қалды, ерлік жасады. * Жайықтың бойы қамыс-ты, Бермейміз деп намысты, Екі батыр екпінмен Жақындасып қалысты. А.Байт. (“Қ.Қ.Қ”) ~ – Бәрекелде, тарланым , бермедің қолдан намысты! …Біреулер тістеп бармағын, бокалға біреу жабысты. Ф.Оңғ. ~ Алыс-жақын, аңдап, бағып аңысын, Ата жауға қолдан бермей намысын. Әке менің түзде жортып, түн қатқан, Қара бала, қара қазан қамы үшін. Қ.Бұғ. ~ Сатқындық – ердің көрі деп, Намысын қолдан бермеген. Сенім – Құдай төрі деп, Кетбұға қылыш сермеген. Б.Райыс. * Әйтеуір ауызға түсіп тұрған ризықты әлдебіреудің тапа-тал түсте тартып алғанын, мұның өзі масқара қорлық екенін, ендеше намысты қолдан бермеу керектігін шала-пұла сезеді. О.Сәрс. ~ Өзінің ет жақындарымен ақылдасып, осы жолы намысты қолдан бермеудің жайын мықтап еске түйіп еді. Ү.Жәл.
