Posted in

НАМЫСЫНА (НАМЫСҚА) ШАПТЫ

Абыройын қорғады; ар-ұятын аяққа бастырмады. * Қазақ билерінің бәрі ел намысына, қазақ халқының намысына шаппай, төре тұқымдарына қайсаңдап жағынып отырғандарына ызғары қайнап отырған Құнанбай … М.Әу. * — Жігіт екесің, шырағым… Бұл барлық қазақтың елдігіне тиетін, намысына шабатын жұмысы. Не сүйегін аршитын, не сүйегіне тағы бір қара таңба басатын жұмыс… Ғ.Мүс. * – Бұндай құдалықтарда жүздеген жылқы, мыңдаған қой, ондаған түйе аталады, бергін, келсе аларым сол, – деп қалжыңдайды да, намысына шапқан Атығай, Қарауыл: – Сұрағаныңды береміз, – деген соң … С.Мұқ. * Бұл екі зәңгі де қанша бұлан құйрық, майысқақ болғанымен, ел атына мін болар намысқа шаппай тұра алмады. Қ.Жұм. * Мен осы сәтте бір ауылдың үлкендерінен келе жатқан мынау аз ғана топтың да намысқа шаба бастағанына таң қалдым. К.Сег.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *