Posted in

НАМЫСЫ ҚАЙНАДЫ

Абырой-ары үшін кеудесін кек кернеді. * Осы арада ашумен булығып кеп, Бөжей үшін, Пұшарбай үшін, барлық ағайын ел үшін намысы қайнап, жаны ашып, Жігітек жаққа жарқ бергені анық. М.Әу. * Кешке шейiн осындай түртпекпен жүрген Оралбайдың намысы қайнап:” Базаралының өзi келсiн. Бауырым бар едi десе, осы бүгiнгi күн көзiме бiр көрiнсiн!” деген. М.Әу. ~ Англосакс намысы қайнаған Кэстли биялайын лақтырған екен, астам атаман анадайда қолына сыпырғы ұстап сілейіп тұрған малайын шақырып ап, қынабының ұшымен нұсқап көрсетіп: «Мынаның керегі болар. Қалтаңа салып ал!» – депті. Ә.Кек. ~ Тұтқыннан босанғаннан кейін көкейлерінде тек ел намысы қайнаған ағайынды қос батыр дереу Қоңыраттың ер жүрек жігіттерін жинап, Сағыр қолына кеп қосылған. І.Ес.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *