Ұятын аяққа бастырмау үшін жанын салды. ~ «Жүйрік ат аяғынан қалады», «сұңқар қанатынан қалады» деген мақал текке айтылмаған. Ал егер жігіт осы екеуінен де мақрұм болса, онда ол ер атаулының санатынан қалады. Халқымыз осылай намысқа тырысып өскен. Б.Мом. ~ Жарқын намысқа тырысып, артығырақ сілтеп жіберді. Өзінше мыналарды ықтырып алам ба деп ойлаған. Бірақ оған айылын жиған ешкім көрінбеді. Қ.Жұм. ~ Шынымды айтсам, құла қасқаның алдына түсетін ат жоқ еді бұл аулыда. Намысқа тырысып, атымды қамшылай бастадым. Е.Бақ. ~ Өміржандай жігіт келгенде нағашысы сұлап жату бұған ар ғой. Бар қуатымды жинап, намысқа тырысып отырмын, – деп күледі. М.Әбді. ~ Осында көшіп келгелі былайша ештеңені ойламай, сырт көзге сырын алдырмайын деп, намысқа тырмысып баққа- нымен, еркіне бағынбай, өршеленген қаскөй біреу мұны бұрынғы әйеліне икемдеп итермелей түскендей болады да тұрады. Ө.Кәр. ~ Әйелдік жалған намысқа тырмысып, әлгі бір ұрысқақ әйелмен іштей ұстасып, есіл Ахтанның алтын басын қор қылып жүр-ау деп ойлаушы еді. Ө.Кәр. ~ Қаншама тістеніп, намысқа тыртысып жыламауға тырысқанмен, тамаққа тығылған ащы өксік жүйке- жүйкені сыздатып, ып- ыстық жас көзге құйыла береді. С.Мұр. ~ Салт атпен жүру олардан гөрі ішкеріден келген Маншың төрелеріне қиындау тиді. Дегенмен олар да намысқа тыртысып, өбектеп ердің қасынан ұстап болса да, ел қарасына ілесуге жарады. Қ.Жұм.
