Ар-ожданы, ұят-намысын қорғап өре түрегелді. * Тіпті ата ұлдарымен, ұрандармен қосылған жандар емес, атсыз
ауылдардан шыққан атақсыз ұлдар. Намысқа шапқан, кекке шапқан елдік қасиет бұл емес пе?! М.Әу. ~ Осыны көре тұра, Германійа мен Ауыстыриа соғысқа шығуы иа өнеріне сенгендік, иа бөтен жағынан дәмелі болғандық деп тұр. Олар иа Ангылиа соғысқа қосылмас деп ойлайды, иа Ресейдің іші ала, тегіс намысқа шаппас деп дәмелі болды деседі. А.Байт. * “Нұртазаңның өзі аюдай ақырған ақылсыз неме екен десем, алды-артын түсінетін, намысқа шабатын еңіреген есіл ер екен ғой” деп отыр. С.Жүн. ~ Өр көңілді батыр, намысқа шауып өте қорланған. Бірақ амал не, іш қазандай қайнағанмен, ер намысынан көрі ел намысын жоқтар заманда ханға қол жинап қарсы шыға алмады. І.Ес. ~ Күн келді меймандары елге жүрер, Барған соң «нағашымның бергені!» дер, Жәнібек намысына шапқан ол да, Әйтпесе ұятты боп жерге кірер. Қ.Осп. ~ – Бұндай құдалықтарда жүздеген жылқы, мыңдаған қой, ондаған түйе аталады, бергін, келсе аларым сол, – деп қалжыңдайды да,
намысына шапқан Атығай, Қарауыл: – Сұрағаныңды береміз, – деген соң: – Айтқаным – қалжыңым, – дейді Шорман, – шынына көшсем,
жанға жан қосып отырғанда, құдағиымның жанын ауыртарлық ештеңесін алмаймын. C.Мұқ.
