Қорлыққа төзбеді, ар-ұятын аяққа басқызбады. ~ Ақырында алдына жылап келген ел-жұрттың жасын көріп, намысқа шыдамаған Жанай батыр, жетпістен асқан жасына қарамай, Ескендірдің ордасына жалғыз өзі келеді. Б.Нұрж. ~ – Ия, алла, қолдай гөр! – Намысқа шыдамай, қалың топтың ішінен суырылып шығып, бірінен кейін бірі асыға ұмтылған, көкпарды арқанмен тартпақ болған қара шомбалдың қасындағы қағылез үш жігіт еті қызып, еліріп тұрған аттарына қамшы басып, құлдиға қойып-қойып кетті. Б.Ыбырайым.
